You are here

Назар аударыңыз, суицид!

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

2017 жылдың 4 айында Көкшетау қаласында кәмелетке толмағандар арасында 1 аяқталған суицид тіркелген.

Әлемдік мәліметке сүйенсек,  суицидті әрекеттерді  жасөспірім жастағы балалар жасайды. Мамандар бұл әрекеттерді  мынадай топтарға бөледі: шынайы, демонстративті, шантажды.

Демонстративті және шантажды  әрекеттердің мақсаты нақты бір мақсатқа қол жеткізу немесе өзіне көңіл аударту болып табылады. Соңымен қатар, бұл адам үшін қиын, ауыр  жағдайға ашықтан-ашық қарсылық білдіру болып табылады. Балалар мен жасөспірімдердің өлім туралы түсінігі әлі толық қалыптаспаған, сонымен қатар өмірлік тәжірибесінің аздығына байланысты,  өмірлік қиын жағдайларға қарсы тұра алмай жатады. Олар үшін бұл мәселе шешімі жоқ болып көренедіде, тек өз – өзіне қол жұмсаған жағдайда  өзінің қайғысын жеңілдетіп, қандайда да бір мәселені шешеміз деп ойлайды.  Суицид -  баланың және жасөспірімнің жан айқайы. Сонымен қатар, тағыда бір фактор бар- ол қатарластарының әсері. Жасөспірім суицидті «серіктестік» үшін, яғни, шешім толығымен ойластырылмаған, достарын қолдауға, «барлығы сиықты» болуға бағытталған.

Ал шынайы суицидті әрекет өте қауіпті болып табылады. Бұл жерде ауыр жан күйзелісі, қатты қайғыру, стресс, депрессия жайында сөз қозғалады.  Шынайы себептерге мыналар жатады:

·        Адамдық қарам-қатынастағы қиындықтар

·        Әлеуметтік ортадан шеттетілуі-жасөспірімді қатарластары қабылдамайды. Жалғыздық, шеттетілу сезімі орын алады. Баланың жас ерекшелігіне сай қажеттіліктері  қанағаттандырылмағандықтан, қайғыру басым болады.

·        Физикалық және моральдық күш көрсету. Осы сәтте шарасыздық, зорланушылық сезімі пайда болады.

·        Қатты стресс- негізінен жақын адамынан айырылу немесе жақын адамының өлімі.

Суицидті әрекетке нақты психологиялық ерекшеліктермен балалар мен жасөспірімдер бейім:

·        Эмоционалды сезімталдылық, жаны нәзік

·        Қиын жағдайларда тұрақсыздық және қарсы тұра алмау

·        Тілдесе  алмау. Айналасындағылармен тіл табысуы бір типті және  бір бағытты.

·        Импульсивті, эмоциональды, жете ойластырылмаған әрекеттерге бейімділік.

·        Пессимисттер.

·        Тілдесу ортасы шектеулі  тұйық адамдар.

Құрметті ата-аналар! Балаңыздың эмоционалды хал-жағдайына назар аударыңыз. Балаңызбен сөйлесіңіз, мәселені бірге талқылаңыз. Оларды шешуге үйретіңіз, ертеңгі күніне сенім ұялатыңыз. Егер Сіздің қолыңыздан келмесе,  балаңыздың әлеуметтік, эмоционалды сезімінде жайсыздық сезінсеңіз, онда көмекке жүгінуден қорықпаңыз.

Барлығы уақыт өте келе шешіледі деп – уақытқа сенім артудың қажеті жоқ. Қырағылық танытыңыз. Мамандар Сіздің балаңыздың қайғысын жеңілдетуге және қиын жағдайдан жол табуға көмектеседі.

                                       Аблайхан Хангелдиев, 

Көкшетау қаласы прокуратурасының бөлім прокуроры 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.