Ақмола облысының прокуратурасында Тілдер күніне арналған конкурс өтті | Ақмола облысының прокуратурасы

You are here

Ақмола облысының прокуратурасында Тілдер күніне арналған конкурс өтті

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Ақмола облысының прокуратурасында Тілдер күніне арналған конкурс өтті  - 1132749950

2018 жылдың 10 тамызында Ақмола облысының прокуратурасында Қазақстан халқы тілдері күніне арналған «Тілдің үштұғырлығы – ұлт тірегі» конкурсы өтті. 

Байқаудың мақсаты –  қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік меңгерген қызметкерлерді қолдау, олардың іскерлік және халықаралық қарым-қатынас құралы ретінде көптілділікті танымал ету.

Байқауға облыстық аппараттың және қала, аудан прокуратураларының жедел қызметкерлері қатысты.

Лингвистикалық жарыс 4 кезеңнен тұрды. Қатысушыларға  тіл білу деңгейін көрсетіп қана қоймай, тарихты, қазақ елінің ұлы тұлғалары, Қазақстан Республикасының шежірелі жерлері, сондай-ақ мақал-мәтелдер жөніндегі білімдерін көрсетуге тура келді. Бұдан басқа, конкурс қатысушылары шығармашылық нөмірлерін ұсынды.

Облыс прокуратурасының және облыстық тілдерді дамыту Басқармасының, оқу-әдістемелік орталығының өкілдерінен құралған қазылар алқасы конкурс қатысушыларын бес баллдық жүйемен бағалады.

Атбасар ауданы прокуратурасының прокуроры Н.С. Ешімбаев  үздік деп танылып, 36 баллмен 1-орынға ие болды. Ол өз ойын үш тілде еркін жеткізіп қана қоймай, шығармашылық қабілетімен ерекшеленді.

2-орын облыс прокуратурасының 3-Басқарма прокуроры А.С.Әлжановқа, және 3-орын Көкшетау қаласы прокуратурасының бөлім прокуроры А.М.Мұқашеваға берілді. Оларға бағалы сыйлықтар табысталды.

Сонымен қатар конкурстың барлық қатысушыларына грамоталар мен сыйлықтар табысталды.

 

 

Ақмола облысы прокуратурасының баспасөз қызметі     

 

 

Ақмола облысының прокуратурасында Тілдер күніне арналған конкурс өтті  - 369053715

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.