You are here

Ақмола облысының прокурордың орынбасары Мағжанов Марат Жияншыұлы

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

>Облыс прокурорының орынбасары Мағжанов Марат Жияншыұлы, 1965 жылы Көкшетау облысы (қазіргі Ақмола облысы) Рузаев ауданында туған. Р.А. Руденко атындағы Свердловск заң институтын құқықтану мамандығы бойынша бітірген. 1990-1997 жылдары Солтүстік Қазақстан облысы Сергеевск ауданының прокуратурасында әртүрлі лауазымдарда қызмет етті: аудан прокурорының көмекшісі, тергеуші, аудан прокурорының орынбасары; ал 1994 жылдың сәуірінен осы ауданның прокуроры болды; 1997 жылы Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасына жұмысқа шақырылып, онда әртүрлі, соның ішінде басшы лауазымдарда қызмет етті, 2002 жылы Астана қаласы Алматы ауданының прокуроры болып тағайындалды, онда екі ай қызмет етіп, 2002 жылдың шілдесінен Бас Прокурордың бұйрығымен Солтүстік Қазақстан облысы прокурорының орынбасары болып тағайындалды, ал 2008 жылдың сәуірінен сол облыс прокурорының бірінші орынбасары болды, 2008 жылдың қарашасынан ауыстыру тәртібімен Ақмола облысы прокурорының бірінші орынбасары етіп ауыстырылды, 2009 жылдың қазанынан осы облыстың прокурорының орынбасары  болды.

Прокуратура органдарындағы мінсіз қызметі, заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайтудағы, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудағы елеулі үлесі үшін Марат Жияншыұлы Мағжанов «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл» мерейтой медалімен, «Прокуратураның құрметті қызметкері» төс белгісімен,«Прокуратура үздігі» І-дәрежелі төс белгісімен марапатталды.

Аға әділет кеңесшісі сыныптық шені бар.

Үйленген, екі қыз тәрбиелеуде.

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.