You are here

Ақмола облысының Прокуратура басшылығының қабылдау ережесі мен кестесі

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры 2012 жылғы 18 қыркүйекте Қазақстан Республикасының прокуратура органдарында, ведомстволары және мекемелерінде жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдаудың жаңа Ережесін бекітті.

Қазіргі уақытта прокуратура органдарында жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдау, аудандық және оларға теңестірілген прокуратураларды қоспағанда, алдын ала жазылу бойынша жүзеге асырылады.

Қаладан тыс жерлерден келушілерге облыс прокуратуралары құрылымдық бөлімшелерінің басшылары, аудан прокурорлары және соларға теңестірілген прокурорлар белгіленген кестеге қарамастан олар жүгінген күні қабылдауға бар мүмкіндікті жасайды.

Жеке тұлға немесе заңды тұлғаның өкілі жеке қабылдау кезінде жеке басын куәландыратын, ал басқа тұлғалардың (жеке немесе заңды тұлғалардың) атынан жүгінген кезде – олардың мүдделеріне өкілдік етуді растайтын құжаттарды көрсетуге міндетті.

Ақпараттық технологиялардың дамуына және азаматтарды бейне мәслихат режимінде қабылдау мүмкіндігінің пайда болуына байланысты, Ережеде алғаш рет өтініш берушілерді қай деңгейдегі прокуратураларда болмасын  «Online»  режимінде бейнеконференцбайланысын пайдалануымен қабылдау нормасы бекітілген.

Облыстық және соларға теңестірілген прокуратураларда, Қазақстан Республикасының прокуратура ведомстволары мен мекемелерінде жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдау тәртібі.

Облыс прокурорлары және олардың орынбасарлары жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауын бекітілген кестеге сәйкес кемінде аптасына бір рет жүргізеді.

Облыс прокуроры сол мәселе бойынша өтінішті қанағаттандырудан бас тарту туралы оның орынбасарының жауабымен келіспеген жағдайда, сондай-ақ облыстық мемлекеттік органдардың бірінші басшыларының шешімдеріне немесе әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым түскен жағдайда жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауын жүргізеді.

Облыс прокурорының орынбасарлары жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауын:

1) өтініш беруші келіспеген сол мәселе бойынша аудан прокурорының, соған теңестірілген прокурордың өтінішті қанағаттандырудан бас тарту туралы жауабы болған жағдайда;

2) сот актілеріне наразылық келтіру туралы өтініштер бойынша;

3) өтініш беруші келіспеген сол мәселе бойынша ведомство, мекеме құрылымдық бөлімшесі басшысының өтінішті қанағаттандырудан бас тарту туралы жауабы болған жағдайда жүргізеді.

Облыстық прокуратуралар құрылымдық бөлімшелерінің басшылары жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдауын қажеттіліктің туындауына қарай жүргізеді.

Облыс прокурорының жеке қабылдауына алдын ала жазылу оның орынбасарларының сол мәселе бойынша өтінішті қанағаттандырудан бас тарту туралы жауабымен өтініш беруші келіспеген жағдайда жүзеге асырылады.

Облыс прокурорының және соған теңестірілген прокурордың, прокуратураның ведомствосы, мекемесі басшыларының жеке қабылдауына:

1) сол мәселе бойынша облыс прокурорымен бұрын қабылданған;

2) облыс прокурорының сол мәселе бойынша өтінішіне жауабы бар тұлғалар жазылуға жатпайды.

Облыс прокуроры орынбасарларының жеке қабылдауына алдын ала жазылу аудан прокурорының, соған теңестірілген прокурордың, прокуратураның құрылымдық бөлімшесі, ведомствосы, мекемесі басшысының    сол мәселе бойынша өтінішті қанағаттандырудан бас тарту туралы жауабымен өтініш беруші келіспеген жағдайда, сондай-ақ сот актілеріне наразылық келтіру туралы өтініштер бойынша жүзеге асырылады.

 

Облыс прокуроры орынбасарларының жеке қабылдауына:

1) сол мәселе бойынша облыс прокурорымен немесе оның орынбасарымен бұрын қабылданған;

2) облыс прокурорының немесе оның орынбасарының сол мәселе бойынша өтінішіне жауабы бар тұлғалар жазылуға жатпайды.

Жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін облыс прокурорының және соған теңестірілген прокурордың, прокуратура ведомствосы мен мекемесі басшысының, олардың орынбасарларының жеке қабылдауына алдын ала жазылу мереке, демалыс күндерінен басқа, күн сайын жүргізіледі және қабылдаудың басталуына дейін бір күн бұрын аяқталады.

Аудандық прокурорлар, олардың орынбасарлары немесе олардың міндеттерін атқаратын тұлғалар жеке тұлғалардың және заңды тұлғалар өкілдерінің жеке қабылдауын бекітілген кестеге сәйкес күн сайын жүргізеді.

Аудандық және соларға теңестірілген прокурорлар, олардың орынбасарлары жеке тұлғалардың және заңды тұлғалар өкілдерінің жеке қабылдауын елді мекендерге бару арқылы, сондай-ақ кәсіпорындарға, мекемелер мен ұйымдарда жүргізе алады.

Аудан прокурорының, соған теңестірілген прокурордың сол мәселе бойынша өтінішті қанағаттандырудан бас тарту туралы жауабы бар тұлға қабылдауға жатпайды.  

Барлық мәселелер бойынша және қосымша ақпаратты  87162 25-74-91 телефоны арқылы біле аласыздар.

Оған қоса, азаматтардың құқықтарын және заңды мүдделерін бұзу мәселелері бойынша облыс прокуратурасында күн сайын жұмыс күндері сағат 11.00-ден 18.00-ге дейін құрылымдық бөлімшелер басшылары, ал демалыс және мереке күндері сағат 09.00-ден 19.00-ге дейін  кезекші жедел қызметкерлер азаматтардың қабылдауын жүргізеді.

Облыс прокуроры азаматтардың жеке қабылдауын сәрсенбі сайын, ал оның орынбасарлары бейсенбі және жұма күндері жүзеге асырады. Алдын ала жазылу күн сайын жүргізіледі.

Оған қоса, облыс прокуратурасында «сенім телефоны» (25-52-36) орнатылған, сол арқылы әрбір азамат аймақтағы заң бұзушылықтар немесе прокуратура органдары қызметкерлерінің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметшілердің Ар-намыс кодексінің нормаларын бұзуы туралы хабарлай алады.

Облыс прокуратурасы ғимаратының жанында  Біржан Сал көшесі, 45 мекенжайы бойынша облыс прокурорына азаматтардың өтініштерін қабылдау бойынша пошта жәшігі орнатылған.

 

 

Ақмола облысының Прокуратура басшыларының жеке және занды тұлғаларды қабылдау жүргізу кестесі.

Лауазымды тұлғаның Т.А.Ә.

Қабылдаушының лауазымы

Қабылдау күндері

Тәшімбаев Тимур Ғазизбекұлы

Ақмола облысының прокуроры

сәрсенбі 11.00-ден 13.00-ге дейін 

Мағжанов Марат Жияншыұлы

Ақмола облысының прокурордың орынбасары

бейсенбі 15.00-ден 18.00-ге дейін

Әмірәлі Қуаныш Көбентайұлы

Ақмола облысының прокурордың орынбасары жұма 15.00-ден 18.00-ге дейін

 

 

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.