You are here

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша түзеу мекемелеріндегі профилактикалық кездесулер

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Азаматтарды, сондай-ақ түзеу мекемелеріндегі адамдарды құқықтық ағарту  - прокуратура органдары қызметінің басым бағыттарының бірі.

Мемлекетіміздің даму жолындағы негізгі кедергілердің бірі азаматтардың немқұрайдылығы және құқықтық сана деңгейінің төмендігі болып табылады.

Ақмола облысының прокуратура органдарымен құқықтық хабардарлыққа және заңды құрметтеуге, құқықтық немқұрайдылықты жеңуге шараларды күшейту бойынша тұрақты жұмыс жүргізілуде. Бұл қызмет көп жылғы жинақталған тәжiрибені жалғастыра отырып нормативті актілердің заңдылығын қамтамасыз етумен жүзеге асырылады, бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған, арнайы контингенттің, және де мекеме қызметкерлерінің арасында құқықтық ағарту және тәрбие, қылмыстарды ескерту, сыбайлас жемқорлық сипатындағы қылмыстардың алдын алу мақсатында құрылған. Прокурорлар мемлекеттік органдардың, қылмыстық-атқару жүйесі органдарының, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен тығыз байланыста.

Одан басқа, облыстың прокуратура органдарымен сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған нақты іс-шаралар кешені жүргізілуде, атап айтқанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы сипаттағы құқықтық насихаттау, және кеңес беру бойынша Түзеу мекемелеріне арнайы шығулар ұйымдастырылады, сондай-ақ заң бұзушылықтар тексеріледі, жеке құраммен, сондай-ақ басқа да жазасын өтеп жүрген адамдармен жеке сұрақтар бойынша қабылдаулар өткізіледі.

Ағымдағы жылы облыс прокуратурасымен облыстың түзеу мекемелерінде және тергеу изоляторларында тиісті бақылауды қамтамасыз ету бойынша елеулі жұмыс атқарылды. Жекелегенде облыстағы заңдылық пен құқықтық тәртіптің тиісті жағдайын қамтамасыз ету, түзеу мекемелеріндегі адамдардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, сыбайлас жемқорлыққа, алаяқтыққа, экстремисттік және террористтік қызметке қарсы әрекет, экономикалық қауіпсіздік. Сондай-ақ арнайы контингенттің өтініштерін уақтылы, толық және объективті қарау және шешу мәселесі облыс прокуратурасы қызметінің басым бағыттарының бірі болып қалуда, сол үшін олардың сәйкес келу затына құқық қолдану, түсіндіру бойынша жеке қабылдаулар өткізіледі.

Ағымдағы жылы облыс прокуратурасымен облыстың 7 түзеу мекемелерінде және 1 тергеу изоляторында дәрістер оқылды.

Көрсетілген міндеттерді және басымдылықтарды орындау, аймақтағы әлеуметтік-экономикалық және қылмыстық жағдайды тұрақтандыру прокуратура органдарының мемлекеттік билік және жергілікті өзін өзі басқару органдарымен сындарлы және іскерлік өзара іс-қимыл жасауды жалғастыруға мүмкіндік туғызады.

 

 

Облыс прокуратурасы

7-Басқарманың аға прокуроры

Серік Хәкімұлы Сағинов        

 

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.