You are here

Өткеннің жаңғырығы

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

 

20-50 жылдары жаппай қуғын-сүргін жылдары ретінде тарихқа енеді.

Осы күнге дейін қайғылы күндердің жаңғырығы осы уақытқа дейін, өткеннің көлеңкесі ретінде туындайды.  Ақмола облысының прокуратурасына азаматтар туыстарын және жақын адамдарын ақтау мәселелері бойынша жүгінеді.

Өкінішке орай, азаматтардың барлығы Қазақстан Республикасының «Жаппай саяси қуғын-сүргiндер құрбандарын ақтау туралы» Заңының (ары қарай - Заң) талаптарын біле бермейді, соған сәйкес азаматтарды ақтау жүргізіледі. 

Осылай, Заңның 2-бабына сәйкес, бұрынғы КСР Одағы аумағында саяси қуғын-сүргiндерге тiкелей ұшыраған және қазiргi уақытта Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын адамдардың барлығы ақталуға жатады.  

Сондай-ақ саяси қуғын-сүргiндер құрбандары ретiнде Қазақстан Республикасының қазiргi аумағында өздерiне қуғын-сүргiндер қолданылғанға дейiн тұрақты өмiр сүрген адамдар мына төмендегi жағдайларда танылады:

а) бұрынғы КСР Одағынан тысқары жерлерде қуғын-сүргiндердi кеңес соттары мен басқа да органдардың қолдануы;

б) екiншi дүниежүзiлiк соғыс кезiнде (жай адамдар мен әскери қызметшiлердi) тұрақты армия әскери трибуналдарының айыптауы;

в) Қазақстаннан тысқары жерлерде әскери қызмет атқару үшiн шақырылғаннан кейiн қуғын-сүргiндердiң қолдануы;

г) қуғын-сүргiндердi орталық одақтық органдар: КСРО Жоғарғы Соты мен оның сот алқаларының, СКРО Айрықша бас саяси Басқарма алқасының, КСРО Iшкi iстер халық комиссариаты - Мемлекет Қауiпсiздiгi министрлiгi - Iшкi iстер министрлiгi жанындағы айрықша кеңестiң, КСРО Прокуратурасы мен КСРО iшкi iстер халық комиссариатының Тергеу Iстерi жөнiндегi комиссиясының және басқа органдар шешiмдерi бойынша қолдануы;

д) Қазақстандағы 1986 жылғы 17-18 желтоқсан оқиғаларына қатысқаны үшін, осы оқиғаларда қасақана кісі өлтіргені және милиция қызметкерінің, халық жасақшысының өміріне қастандық жасағаны үшін сотталған, өздеріне қатысты қылмыстық істерді қайта қараудың қолданылып жүрген тәртібі сақталатын адамдарды қоспағанда, қуғын-сүргіндердің қолданылуы жағдайларында танылады.

Саяси қуғын-сүргiндер құрбандары ретiнде сондай-ақ КСР Одағы мемлекеттiк өкiметтiң жоғары органдарының құжаттары негiзiнде Қазақстанға және Қазақстаннан күштеу арқылы құқыққа қарсы қоныс аударуға ұшыраған адамдар да танылады.

Осы Заңда саяси қуғын-сүргiндерден зардап шеккендер ретiнде ата-аналармен немесе олардың орнындағы адамдармен бiрге бас бостандығынан айыру орындарында, айдауда, жер аударуда немесе арнайы қоныс аударуда болған саяси қуғын-сүргiндер құрбандарының балалары, сондай-ақ қуғын-сүргiн кезiнде он сегiз жасқа толмаған және оның қолданылуы нәтижесiнде ата-анасының қамқорлығынсыз қалған саяси қуғын-сүргiндер құрбандарының балалары танылады.

Прокуратура органдары мұрағаттық анықтамалардың (мұрағаттық анықтамаларды ақтауды қолдану орны бойынша орналасқан Құқықтық статистика және арнайы есепке алу басқармасымен беріледі), саяси қуғын-сүргінді қолдану және арнайы қоныста болу туралы, немесе қуғын-сүргінді қолдану фактісін растайтын сот шешімінің (тұратын жері бойынша) негізінде ақтау туралы анықтамалар береді.

Заңның 20 бабына сәйкес, туған-туысқандарының қуғын-сүргiндер салдарынан қоныс аударуға мәжбүр болуы фактiсiнiң құжаттық деректерi болмаған жағдайда сот арқылы анықталуы мүмкiн.

Сонымен бірге, азаматтарға ақтау мәселелері бойынша прокуратура органдарына жүгінген кезде әйелдер үшін (тегін өзгерткен жағдайда) жеке куәліктің нотариалдық куәландырылған көшірмесін, сондай-ақ туу туралы, некеге тұру туралы немесе некені бұзу туралы куәліктерді қоса беру қажеттігін ескеру қажет.

 

Ақмола облысы

прокурорының көмекшісі                                                             Ибрагим Кленов

    

 

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.