You are here

Мемлекеттік қызметтің игілігі үшін

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Кез келген мемлекеттің әл-ауқатының басты факторларының бірі мемлекеттік органдардың жолға қойылған жұмысы болып табылады. Бүгін Қазақстанда мемлекеттік қызметті дамыту үшін барлық жағдай жасалған. Нормативті құқықтық актілер анық жазылған. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заң Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметіне кіруге, оны өткеруге, тоқтатуға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді, мемлекеттік қызметшілердің құқықтық жағдайын, материалдық қамтамасыз етілуі мен әлеуметтік қорғалуын, сондай-ақ өзге де адамдардың мемлекеттік органдардағы қызметі мәселелерін айқындайды.

Мемлекеттiк қызмет – мемлекеттiк қызметшiлердiң мемлекеттiк органдарда мемлекеттiк билiктiң мiндеттерi мен функцияларын iске асыруға бағытталған лауазымдық өкiлеттiктерді атқару жөнiндегi қызметi.

Қазіргі уақытта республикада «Ұлт жоспары – 100 нақты қадам» жүзеге асыру бойынша ауқымды жұмыс жүргізілуде. Мемлекеттік қызметті ойдағыдай реформалау және кәсіби әрі бәсекеге қабілетті мемлекеттік аппарат құру Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың дұрыс саясатының арқасында мүмкін болды.

Қазақстан Республикасы Мемлекет басшысының Жарлығымен 23 маусымда Қазақстанда  Мемлекеттік қызметшілер күні аталып өтеді.

Ақмола облысының прокуратура органдарында 211 жедел қызметкер және 35 әкімшілік мемлекеттік қызметкер жұмыс істейді.

Соңғы жылдары прокуратура органдарымен прокуратураның жоғары кәсіби кадр құрамын қалыптастыруға бағытталған қосымша шаралар қабылдануда. Бірқатар бұйрықтар мен құжаттар жаңартылды, кәсіби дайындық деңгейіне қойылатын талаптар күшейтілуде, қызметшілерді кәсіби қайта даярлау жүйесі белсенді енгізілуде, біліктілікті арттыру үшін көбінесе мемлекеттік қызметшілер оқытылады, кадр әлеуетіне көп көңіл бөлінуде.

Облыс прокуратурасының мемлекеттік қызметшілері қоғамдық және маңызды іс-шараларға, сондай-ақ "Бірлік" облыстық деңгейдегі жыл сайынғы спартакиадаға  белсенді қатысады.

Жұмыстағы жоғары көрсеткіштерге және өз борышына адал қарайтындары үшін облыс прокуратурасының үздік мемлекеттік қызметшілері Бас Прокурордың, Ақмола облысы прокурорының және әкімінің атынан марапатталады.

Прокуратура жүйесінде 15 жылдан астам уақыт адал қызмет етіп келе жатқан мемлекеттік қызметшілерді атап өткіміз келеді, олар - Г.М.Нұрпейісова, А.Қ.Жағыпарова, Қ.А.Әділбекова, Т.Ф.Кузнецова, Г.С.Байғожина, Г.К.Мынбаева.

Айтулы мереке қарсаңында, барлық мемлекеттік қызметшілерді кәсіби мереке – Мемлекеттік қызметшілер күнімен құттықтағымыз келеді.

Зор денсаулық, бейбітшілік, халыққа қызмет ету жолында табыс тілеймін, мемлекетіміз одан гүлдене берсін!

 

 

Ақмола облысы прокуратурасының

Кадр жұмысы басқармасы

     

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.