You are here

Қаржы пирамида қызметінің салдары

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Көкшетау қаласының прокуратурасы (инвестициялық) қаржылық пирамиданы құру және басқару, сондай-ақ, өз қызметін алға жылжыту бойынша жауапкершілікке тартылуы туралы ескертеді.

2014 жылдың 17 қаңтар айында Бас прокуратурамен жобаланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржылық (инвестициялық) пирамидалардың қызметіне қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Ркспубликасының Заңы қабылданған болатын.

Осы Заң қаржы пирамида ұғымын анықтайды, пирамиданы басқару және құру мәселесі бойынша қылмыстық жауапкершілікті көздейді  (Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 217 бабы бас бостандығынан 5 жылдан 12 жылға дейін қылмыстық жауапкершілігі қарастырылған), сондай-ақ, әкімшілік жауапкершілік – өз қызметін алға жылжыту үшін (Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 150 бабы).

Сонымен қатар, бүгінгі күні халықтың қаржы пирамидаларының қызметіне қатысуының  негізгі себептерінің бірі қаржылық және несие заңдар саласындағы білімінің жетіспеушілігі, сондай-ақ азаматтардың ақша үнемдеуге және инвестициялауға ынталандырудың жетіспеушілігі болып отыр.

Қаржылық пирамида қаржы құрылымының жүйесіндегі уақытта артып жүрген ақшалай түсімдердің қолдауымен түсіндіріледі.

Әр адамға қаржы пирамидаларының үлкен саны бір немесе басқа да белгілері бойынша ұсынылады және алғашқыға қарағанда құрылғы әртүрлі болып келеді.

Алайда, қаржы пирамидаларына ортақ принцип, ақыр соңында күйреуге ұшырайды.

Пирамиданың ерекшелігі сол, олардың жұмыс барысында қатысушылардың ақшалай жарналары қайта бір-бірімен бөлінеді. Басқаша айтқанда, пирамида мүшелері инвестицияларды қаражат тауарларды немесе қызметтерді өндіруге қатысуға емес, демек, активтердің жалпы сомасы әрқашан инвесторлардың жалпы қосқан үлесіне тең –активтердің иелері ғана өзгереді. Ол сөмкеге ақша жинап, содан кейін ойын қатысушыларына осы қаражатты белгілі ережелер бойынша дәйекті бөлуге ұқсайды. Мұндай ойындардан барлық қатысушылардың пайда табуы мүмкін емес екені түсінікті: жақсы жағдайда әркім өз ақшамен қалады, бірақ пирамадалардың көбі бірінші қатысушылардың ақшалай сыйлығы астам алуға, соңғыларына таңдау жоқ, ақшасыз қалуға мәжбүр болып отыр.

Қаржы пирамидаларды заңды қаржы компаниялар немесе банктерден бірқатар ерекшеліктерімен ажыратуға болады.

Көпдеңгейлі пирамидалардың схемасы әрбір жаңа мүшесінің алғашқы кіріс төлемінің негізінде жасалады.

Бұл алым жаңа салымшыны шақырған тарап арасында, сондай-ақ, бұрын шақырылған пирамида мүшелерімен бөлінеді. Содан кейін жаңа салымшы алымдардың оның пайдасына және одан жоғары жастағы қатысушылардың пайдасына баруға тиісті екі немесе одан да көп адамды шақыруға тиіс. Бұл әрекеттер деңгейден деңгейге жалғаса береді.

Бірінші қатысушыларға ұйымдастырушы өздерінің жеке қорларынан пайыздық табыстың жоғары мөлшерлемесін төлейді, содан кейін, әдетте, тамаша шығымдылығы «жұмыс» схемасы өсегінің  таралуына байланысты жаңа инвесторлар ұйымдастырушыға өздері келе бастайды.

Пирамида схемасы қарапайым себеппен аяқталып келеді: әрбір қатысушы салған ақшадан астам пайыз алуға күтеді.

Күмәнді қаржы компанияларының қызметіне қатысушылардың ерікті қатысу себептері психологиялық аспектілерімен түсіндіріледі. Өйткені көптеген адамдар қателіктер жасауға бейім болады. Кейде олар айқын шешім қабылдаудан бас тартады. Өзінің әділ шешім қабылдауына қатты сенімді болады.

Халыққа тән маңызды рөл ашкөздік атқаратыны анық. Бұл жағдайда: салымдар бойынша сыйақы үлкенірек компанияларға қатысушылардың өз жинақтарын инвестициялауға ниеті нығайта түсуі ережесі тән.

Осылайша, қабылданған заң жобасы қаржылық нарықтың дамуына, халықтың қолма-қол ақша шығындарды  қысқартуға және халықтың қаржы құралдарына сенімін арттыруға ықпал етеді.

 

 

Көкшетау қаласының прокуратурасы

Бөлімнің аға прокуроры

Кафизов М. 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.