You are here

Жақсы ауданының прокуратурасы дөңгелек үстел өткізді

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

2017 жылдың 8 маусымында Жақсы ауданының прокуратурасымен «Алкоголизм профилактикасының проблемалы мәселелері» тақырыбына дөңгелек үстел өткізілді. Тақырыпты талқылауға жергілікті полиция қызметінің, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің, мәдениет бөлімінің қызметкерлері, нарколог дәрігер қатысты. Аудан прокуроры К.Қ.Балғожина алкоголизм профилактикасына бағытталған іс-шаралар жоспары бойынша ауданда жүргізіліп жатқан жұмыс жайында айтып өтті. Жақсы АІІБ бастығы Н.М.Қайранбеков, Жақсы ОАА бас дәрігерінің орынбасары, нарколог дәрігер М.М.Бедаш жоспарлы іс-шараларының жүзеге асырылуы жайында баяндады.

Келесі проблемалар аталды: ауданның бірқатар ауылдық округтарында алкогольдық масаңдық күйге медициналық куәландыру өткізуге құқылы медицина қызметкерлерінің жоғы; алкоголь ішімдіктерін теріс пайдаланатын адамдарды медициналық-әлеуметтік оңалтудың жетіспеушілігі, жастармен мәдени-бұқаралық жұмыстың түрлерін жетілдіру қажеттігі. талқылаудың нәтижелер бойынша проблемаларды шешу жолдары ұсынылды.

 

 

Жақсы ауданының прокуратурасы

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.