You are here

Прокуратура қызметкеріне шабуыл жасалу дерегі бойынша баспасөз-хабарлама

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

2017 жыл 20-шілде, Көкшетау. Бүгін, 2017 жылдың 20-шілдесінде  Ақмола облысы Целиноград ауданы прокуратурасының ғимаратында  құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне  қарулы шабуыл жасалды.

Прокуратура қызметкері Ж.Әлібаев және   Целиноград ауданы ішкі істер бөлімінің тергеушісі А.Пшембаев қарулы жарақат алды.

Қарулы шабуыл  қылмыстық іс бойынша  сотталушы О.А.Жампозовпен  жасалғаны анықталды.

Іс бойынша О.А.Жампозов ҚР АШМ «Казводхоз»  РММ ШЖҚ директоры бола тұра, адамдар тобымен басқа лауазымды тұлғалармен және мердігерлермен  алдын-ала сөз байласу арқылы, өзіне сеніп тапсырылған  Преображенское су құбырын жөндеу үшін бөлінген 620 млн. теңге ақша қаражатын талан-таражға салған.

Жампозовқа қатысты  кепіл түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылған.

Өзіне қарулы шабуыл жасалынған прокуратура қызметкері, аталған қылмыстық іс бойынша мемлекеттік айыптауды қолдаған.

 Іс бойынша талқылау ашық болған.

2017 жылдың 18-шілдесінде сот жарыссөздері барысында мемлекеттік айыптаушы Жампозовты кінәлі деп тануды және оған ҚР «Рақымшылық жасау туралы» Заңның  ережесін қолдана отырып, 5 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған.

Үкімнің жариялануы 2017 жылдың 20-шілдесі сағат 16-00ге тағайындалған.

Қарулы шабуыл сот үкімінің жариялануына дейін жасалған.

Қарулы шабуыл жасағаннан кейін Жампозов қылмыс орнынан жасырынған.

Осыдан кейін оның автокөлігі АЛЖИР қуғын-сүргін құрбандары мемориалды кешенінің аумағынан табылды.

Сол жерде Жампозовтың қарулы жарақатты мәйіті анықталды.

Алдын-ала болжам бойынша ол өз-өзіне қол жұмсаған.

Жарақат алған қызметкерлер ауруханаға жатқызылды.

Істің тергелуін қадағалау Астана қаласы прокуратурасына тапсырылды.

Ақмола облысы прокуратурасының баспасөз-қызметі

 

 

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.