You are here

Облыс прокуроры Тимур Тәшімбаевтың төрағалық етуімен құқық қорғау органдары Үйлестіру кеңесінің отырысы өтті

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Облыс прокуроры Тимур Тәшімбаевтың төрағалық етуімен құқық қорғау органдары Үйлестіру кеңесінің отырысы өтті - 1680362352

Облыс прокуроры Тимур Тәшімбаевтың төрағалық етуімен құқық қорғау органдары Үйлестіру кеңесінің отырысы өтті.

Күн тәртібінде экстремизмге және терроризмге қарсы іс-әрекет саласындағы, сондай-ақ құқық қорғау органдарымен есептік-тіркеу тәртібінің талаптарын сақтау мәселелері.

Ағымдағы жағдайды талдау және жүргізілген прокурорлық тексеріс нәтижелері есептік-тіркеу тәртібін сақтау кезінде кемшіліктердің барын куәландырады.

Отырыста бар проблемалар егжей-тегжейлі талқыланды. Нақты міндеттер қойылды.

Үйлестіру кеңесінің мүшелерімен есептік-тіркеу тәртібін одан әрі сақтау бойынша іс-шаралар жоспары келісілді.

Құқық қорғау органдары бүгіннен бастап оны орындауға кірісті.

 

Экстремизмге және терроризмге қарсы іс-әрекет саласында біраз жұмыстар атқарылуда. Алайда, бұл сұрақтың өзектілігі әлі де жоғары. Сондықтан, облыс прокурорының өкімімен осы саладағы проблемаларды шешу үшін жұмыс тобы құрылды.

Бағдарлама және нақты біртіндеп әрекет ету жоспары әзірленді.

Жоспар 2 бөлімнен тұрады және оған 4 міндетті шешу енгізілген, олар діни экстремизм көріністерін алдын алуға және терроризм қаупін болдырмауға бағытталған.

1-бөлімге ұйымдастырушылық іс-шаралар енеді. Мұнда діни объектілерге қызмет етушілердің кадр тапшылығын, бүлдіргіш ағымдарды ұстанушылардың санын азайту, бұзушылықтарға жол бермеу, ТҚ осал объектілерді сәйкестікке келтіру.

 Бүлдіргіш ағымды ұстанушылардың әрқайсысының жеке басын зерделеу және олармен жұмыс жүргізу түрлерін және әдістерін анықтау талап етіледі.

2-бөлім атқарылып жатқан жұмысты, Бағдарламаны және Іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру барысын ақпараттық сүйемелдеу бойынша іс-шараларды көздейді.

Жоспар:

- бүлдіргіш ағымдарды ұстанушыларды анықтаған кезде бірыңғай белгілер және көзқарас әзірлеу;

- ұстанушылардың әлеуметтік-психологиялық бейнесін құрастыру;

- олармен жұмыс жүргізу түрлерін және әдістерін белгілеу;

- отандық теологиялық оқу орындарында оқитын стипендиаттардың санын арттыру;

- аудандарда дін істері жөніндегі бөлімшелер құру;

- экстремизмді және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-әрекет бойынша шаралардың тиімділігін арттыру бойынша жұмысты көздейді.

«Жоспарға бүгінгі күнгі өзекті іс-шаралар енді. Осы жоспардың шеңберінде мемлекеттік органдардың күшін біріктіру Бағдарлама мақсаттарына жеткізеді деп есептейміз. Бірлескен келісілген және кешенді түрде әрекет етсек Жоспардың әрбір тармағы облыс бойынша жалпы жағдайды жақсартады», - деп облыс прокуроры атап өтті.

 

Ақмола облысы прокуратурасының баспасөз қызметі

 

 

 

 

   

 

 

 

 

 

Облыс прокуроры Тимур Тәшімбаевтың төрағалық етуімен құқық қорғау органдары Үйлестіру кеңесінің отырысы өтті - 1515622555
Облыс прокуроры Тимур Тәшімбаевтың төрағалық етуімен құқық қорғау органдары Үйлестіру кеңесінің отырысы өтті - 1952880171
Облыс прокуроры Тимур Тәшімбаевтың төрағалық етуімен құқық қорғау органдары Үйлестіру кеңесінің отырысы өтті - 1733397106

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.