You are here

ҚЫЛМЫСТЫҚ ПРОЦЕСТІ ЖАҢҒЫРТУ

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бүгінде қылмыстық процесс елеулі өзгерістерге ұшырады. Қазіргі уақытта қылмыстық қудалау шеңберіне тартылған адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтары басты орынға қойылды.

Қылмыстық сот ісін жүргізу реформасы жаңа Қылмыстық және Қылмыстық процестік кодекстерді қабылдаумен 2014 жылы басталған болатын. Олардың қолданыстағы екіжылдық практикасы реформаның дұрыстығын растады.

Қылмыстық істер бойынша іс жүргізудің жаңа тәртібі негізсіз айыптаудан және соттаудан, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын заңсыз шектеуден қорғауға, кінәсізді айыптаған немесе соттаған жағдайда оны дереу және толық ақтауды мүлтіксіз қамтамасыз етуге, сондай-ақ заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайтуға, қылмыстардың алдын алуға, құқыққа құрметпен қарауды қалыптастыруға, қылмыстық процесте айыптау және қорғау тараптарының қағидатын дамытуға бағытталған.

Халықаралық тәжірибені зерделеуді ескеріп, қылмыстық процесті бес түйінді бағыттар бойынша жетілдіруге тағы қосымша шаралар қабылдау жоспарланып отыр.

Біріншіден, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғау деңгейін арттыру болжалып отыр.

Бәрінен бұрын, қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген күдікпен адамды ұстау мерзіміне және оған бұлтартпау шарасын қолдануға қатысты өзгерістер болады.

Бүгін адамды ұстауды азаматтар  мойындату мақсатында қысым көрсету құралы ретінде түсінеді. Және осы заңнамамен көзделген 72 сағат түріндегі ұстау мерзімі бұл пікірді тек күшейтеді. Бұл мерзім 1959 жылдан өзгермеген.

Осы арада, көрсетілген уақыттан дәлелдерді жинау әдістері мен тәсілдері елеулі жетілдірілді. Компьютерлік технологияларды ескерсек бұл процесс елеулі жеделдетілді.  

Сондықтан, адамның негізгі құқықтарын шектеу тәртібі жақсаруға және үздік әлемдік практикаға барынша жақындауға тиіс.

Сот рәсімдері үшін Конституциямен көзделген 72 сағат өткенге дейінгі мерзімді пайдаланып 48 сағаттың ішінде жеткізу тиімді.

Қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын ерекше жағдайда ғана қолдану ізгілік болады, өйткені ол ең қатаң болып табылады. Мұндай таңдалған бұлтартпау шарасы жасалған қылмыстың жоғары қоғамдық қаупіне мөлшерлес болуға тиіс.

Мысалға, қол сұғушылық объектісі экономикалық қызмет болып табылса, мұндай ұстау шарасын қолдану лайықсыз болады. Алайда, бұл шектеу қылмыстық топтармен және қылмыстық бірлестіктермен жасалған қылмыстарға таралмауы тиіс.  

Екіншіден, адвокаттың процестік мүмкіндігі кеңейтілетін болады, бұл қылмыстық процестің жарыспалылығын арттыруға әкеп соғады.

Адвокаттың қазіргі процестік мүмкіндіктерінің тізімі өз қорғалушысының мүддесіне барынша сапалы өкілдік етуге мүмкіндік бермейді.

Сондықтан жарыспалылықты арттыру үшін оларға дәлелдерді жинау бойынша көбірек өкілеттіктер беру қажет.

Үшіншіден, экономикалық процесті тергеу және қамтамасыз ету рәсімдерін жеңілдету.

Мұнда қылмыстық теріс қылықтар мен ауырлығы орташа қылмыстарды тергеу өзгеріске ұшырайды.

Теріс қылықтарды бұйырып іс жүргізу элементтерімен ауырлығы орташа қылмыстарды әкімшілік іс жүргізуге ұқсастығына қарай ерекше тәртіп құру есебінен тергеу ұсынылады.

Төртіншіден, сотқа дейінгі сатыға сот бақылауын одан әрі кеңейту.

Бұл жағдайда барлық тергеу әрекеттерін санкциялау бойынша барлық өкілеттік, соның ішінде жасырын тергеу әрекеттерін және мәжбүрлеп куәландыруды санкциялау тергеу судьясына беріледі.

Бесіншіден, қайталауды болғызбау және сотқа дейінгі тергеу органдарының, прокуратураның және соттардың арасында айқын шектеулер.

Мұнда барлығы айқын, әрбір орган басқаның өкілеттігін қайталамай өз ісімен айналысады.

Жалпы, қылмыстық процесті 3 негізгі кезеңге бөлу жоспарланып отыр:

1) Қылмысты ашу және дәлелдерді жинау;

2) Нақты деректерді бағалау, іс-әрекетті саралау, айып тағу, мәжбүрлеу шарасын таңдау;

3) Шешім – кінәлі немесе кінәсіз және жазалау шарасы.

Әрбір кезең – әртүрлі органдардың: полицияның, прокуратураның және соттың жауапкершілік аймағы. Және бұрын айтылғандай әрқайсысында өзінің нақты міндеттері болады.

Полиция қылмыс орнын тексереді, жауап алады, сараптама тағайындайды, дәлелдерді жинайды.

Екінші кезеңде прокурор іске кіріседі. Дәл сол жиналған дәлелдерді бағалайды, саралауды белгілейді, полицияға нұсқау береді. Прокурор ғана соттан тінтуге, тыңдауға, активтерге тыйым салуға және қамауға алуға  санкция сұрайды. Егер негіз болса – нақты адамға күдік немесе айып тағады, ал кейіннен сотта дәлелдейді.

Соттың екі міндеті бар. Тергеу кезеңінде күдіктінің немесе айыпталушының құқықтарын шектеуге санкция беруді немесе бермеуді шешеді. Істі қарау кезеңінде – үкім шығарады, адам кінәлі немесе кінәсіз. Егер кінәлі болса, жаза тағайындайды.

Бұл жалпыға танылған үлгі. 

Аталған жаңа енгізілімдерден, жүргізіліп жатқан қылмыстық процесті жаңғырту адамның және азаматтың негізгі құқықтары мен бостандықтарын қорғауға негізделеді.

Қылмыстық процестің мөлдірлігі тұрғындардың құқық қорғау және сот органдарына деген сенімін арттыруға мүмкіндік береді. Және бұл басты мақсатымыз.

Ақмола облысының прокуратурасы

2-Басқарманың аға прокуроры

Наталья Петрова

 

  

     

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.