You are here

Қонақтарды күтуге дайынбыз.

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

«ЭКСПО-2017» Халықаралық көрмесі - еліміздің маңызды имидждік жобасы.

Ақмола облысы бұл жобаға белсенді қатысуда. Щучье - Бурабай курорттық аймағы, Ақмол ауылы, Қорғалжын қорығы және басқалар сияқты аймағымыздың көрнекі орындарына көрме қонақтарының баруы көзделген.

Әкімдік және аймақтың құқық қорғау органдары қонақтарға қолайлы болу және қауіпсіздік мәселелеріне көп көңіл бөлуде.

Осы жұмыстың шеңберінде Ақмола облысы прокуратурасының бастамасымен «ЭКСПО»-ға қауіпсіздікті және құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету бойынша Кешенді іс-шаралар жоспары әзірленді, ол 10 сәуірде Ақмола облысы әкімдігінің қаулысымен бекітілді.

Тұрақты ведомствоаралық комиссия жұмыс істейді.

Көрме жұмысының басталуын ескеріп, облыс прокуратурасының ұсынысы бойынша, комиссияның кезекті отырысы құқық қорғау және арнайы органдардың бірінші басшыларының қатысуымен өтті. Дайындық кезеңінің нәтижелері туралы есептер тыңдалды, көрме кезінде қызметтердің әрекеттеріне түзету енгізілді.

Көкшетау әуежайында аралап тексеру, жедел-профилактикалық шаралар, оқу-жаттығу жұмыстары өткізілді, санитарлық-карантиндік бақылау күшейтілді, жедел санитариялық көмек көрсету жедел тобы құрылды және тағы да басқалар.

Кешенді жоспарды сапалы орындау облыстың барлық тұрғындарына және келетін қонақтарға қолайлы жағдайды және қауіпсіздікті қамтамасыз етеді.

 

 

Ақмола облысы прокуратурасының баспасөз қызметі

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.