Хабарландыру | Ақмола облысының прокуратурасы

You are here

Хабарландыру

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Құрметті кандидаттар!

 

Жақын уақытта Ақмола облыстық прокуратурасымен аудандық прокуратуралардың прокуроры лауазымына орналасу үшін конкурс жариялау жоспарлануда (лауазым санаты C-RGP-5).

Конкурс Қазақстан Республикасының прокуратура органдарында, ведомстволары мен мекемелерінде лауазымдарға орналасу үшін конкурс пен тағылымдама өткізу ережесіне сәйкес жүргізілетін болады (Қазақстан Республикасының прокуратура органдарында, ведомстволары мен мекемелерінде лауазымдарға орналасу үшін конкурс пен тағылымдама өткізу қағидаларын бекіту туралы Бас Прокурордың 4 мамыр 2014 жылғы №40 бұйрығына сәйкес).

Конкурс жарияланғанға дейін кандидаттарды алдын ала іріктеу және зерделеу жүргізіледі (Қазақстан Республикасының прокуратура органдарына қызметке қабылданатын кандидаттарды іріктеуді, оларды алдын ала зерделеуді жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы Бас Прокурордың 26 желтоқсан 2015 жылғы №156 бұйрығына сәйкес).

Бұл кезеңдерден өтуден бұрын, мемлекеттік тілді және Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің құқық қорғау қызметіне алғаш тұратын кандидаттарға арналған тестілеуінен өту қажет.

Өтінішті «электронды үкімет» веб-порталы немесе «азаматтарға арналған Үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы беруге болады.

Бұдан әрі қажетті құжаттарды тапсырып, заңдарды білуге арналған прокуратурадағы тестілеуден өту (бұдан әрі - прокуратурадағы тестілеу), қызмет өткеруге жарамдылығын анықтау үшін әскери-дәрігерлік комиссиялардан медициналық және психофизиологиялық куәландырудан, сондай-ақ полиграфологиялық зерттеуден өту және  ұлттық қауіпсіздік органдарындағы міндетті арнайы тексеріс қорытындыларын алу керек.

Аталған рәсімдерден өтуге арналған жолдамалар Ақмола облыстық прокуратурасының кадр қызметімен кедергісіз беріледі.

Тілек білдірушілер бүгінгі күннен бастап Ақмола облыстық прокуратурасына Көкшетау қаласы, Біржан Сал көшесі, 45 үйі (№207, 208 кабинеттер) мекен жай және 8-(716-2)-25-05-93 телефон бойынша жүгінуіне болады.

 

 

Ақмола облысының прокуратурасы

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.