Десантпен – ауылға! Шалғайдағы жедел прокурорлық көмек | Ақмола облысының прокуратурасы

You are here

Десантпен – ауылға! Шалғайдағы жедел прокурорлық көмек

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Ақмола облысының прокуратурасымен а.ж. қыркүйек-қазанында ауыл тұрғындарына құқықтық және әлеуметтік көмек көрсетудің көшпелі десанты ұйымдастырылды.

Облыстың әрбір ауылдық елді мекені қамтылды.

Прокурорлар азаматтармен бірге олардың өмірлік жағдайларын және проблемаларын шешті.

Десант «Барамыз, кездесеміз, шешеміз!» ұранымен өтті.

Акцияның қатысушылары құқық қорғау, жергілікті атқарушы, бақылаушы және реттеуші органдардың өкілдері, Нұр Отан партиясы, Кәсіпкерлер палатасы, медицина мекемелері, діни бірлестіктер, бұқаралық ақпарат құралдары болды.

Десанттың мақсаты – өзекті қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық мәселелер, қылмыстылықтың алдын алу және ықтимал әлеуметтік шиеленістер бойынша азаматтардың хабардарлығын арттыру.

Жұмысқа орналастыру және жұмыспен қамту, мемлекеттік қолдауды алу, денсаулық сақтау және білім беру, дін, жер, зейнеткерлік және басқа да заңнама мәселелері бойынша нақты құқықтық және әлеуметтік көмек көрсетілді.

2 айда десант 100-ден астам ауылға барды, 50 мыңнан астам адам қамтылды, 12433 азаматқа көмек көрсетілді, соның ішінде:

- 7650 азаматқа медициналық көмек;

- 841 азаматқа әлеуметтік көмек;

- 4943 азаматқа құқықтық көмек көрсетілді;

- 61 азамат жұмысқа орналастырылды;

- 42 тұрғын қайта оқытуға жіберілді;

- 131 адам құжатталды;

- бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі туралы 65 меморандум жасалды;

- 137 жазбаша өтініш қабылданды.

Тұрғындардың мәселелері -  жер учаскесін беру тәртібі, шартты жер үлестеріне құқықтарын пайдалану және оларға иелік ету, шаруашылық серіктестіктерді құру және олардан шығу, құжаттау және мүлікті тіркеу, жұмысқа орналастыру, тұрғын үй-коммуналдық проблемалар.

Көмек көрсету мысалдары әртүрлі.

Целиноград ауданы Қызылсуат ауылында зейнеткер Ж.Шулембаевтың өтініші бойынша көршілес жер учаскелерінің пішіні өзгертілді. Проблема 3 жылдан астам уақыт шешілмей келген, адвокаттар жалдаған, мемлекеттік органдарға жүгінген.

Сандықтау ауданы Балкашино ауылында тұрғындардың 1998 жылға дейін алған жер учаскелерін заңдастыру проблемасы шешілді.

Бірыңғай сот практикасы әзірленді, тұрғындардың ресімдеуге кететін шығындары азайды (50 мың теңгеден 2269 теңгеге).

Атбасар ауданы Сергеевка ауылында мал бағу үшін жайылым алқаптарының жетіспеушілік проблемасы шешілді. Жер иелерімен 4000га астам жайылымға меморандум жасалды, 100га ортақ пайдаланатын жерге айналды.

Ақкөл ауданы Талқара ауылында 46 тұрғынның құқықтары қорғалды, олар бір жарым жыл электр қуаты үшін көтерме соманы төлеп келген (заңды тұлғалардікіндей есептелген).

Десант барысында энергия жабдықтауға жаңа шарт жасалған.

Көкшетау қаласы Красный Яр ауылында бос орындардың бары туралы ақпарат жандандырылды және 17 адам («Новопэк» ЖШС, мемлекеттік кәсіпорындар), Жақсы ауданының ауылдарында – 29 адам (ауыл шаруашылық кәсіпорындары) жұмысқа орналастырылды.

Атбасар ауданы Тельман ауылында және Аршалы ауданы Жібек Жолы ауылында екі мүгедекке мүгедек арбасын алуға көмек көрсетілді, Жақсы ауданы Белагаш және Подгорное ауылдарында 3 тұрғын аудан орталығына тұрақты емдеуге жіберілді, ал Ерейментау ауданы Новомарковка ауылының тұрғыны Республикалық диагностикалық орталыққа тексерілуге квота алды.

Десант қоғамның өзекті проблемаларын талқылау орнына айналды. Аймақтық маңыздағы жүйелі проблемалар, ықтимал әлеуметтік шиеленіс ошақтары анықталды. Тізілімі құрастырылды, шешу жолдары талқыланды.

Көшпелі десанттың жұмысы басшылықтың жеке қабылдауын азайтты. Көрсетілген кезеңде облыс прокурорына және оның орынбасарларына қабылдауға 6%-ға кем жүгінді (1592 орнына 1492).

Акция тұрғындардың оң ықпалын туғызды және оларға ұнады. Десант жергілікті жерлердегі проблемалардың мәнін жете түсінуге, қолдау тетіктерін түсіндіруге, диалог жасау арқылы әлеуметтік шиеленісті шешуге мүмкіндік туғызды.

Ауылдық елді мекендерде десанттарды жыл сайын ұйымдастыру туралы шешім қабылданды.  

 

 

Ақмола облысының прокуратурасы

 

 

 

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.