You are here

Баспасөз хабарламасы (Көкшетау қаласы, 28.09.2017 жыл)

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Баспасөз хабарламасы (Көкшетау қаласы, 28.09.2017 жыл) - 1099392895

2017 жылдың 28 қыркүйегінде Ақмола облысының прокуроры Тимур Тәшімбаевтың төрағалық етуімен алқа отырысы өтті.

Бірінші қылмыстық процесте азаматтардың конституциялық құқықтарын сақтау мәселесі қаралды. Екінші – экономикалық қылмыстар туралы істер бойынша сот-тергеу практикасы.

Қылмыстық заңнаманы ізгілендіру, құқық қорғау қызметін оңтайландыру және цифрландыру жәбірленушілердің, куәгерлердің, күдіктілердің және қылмыстық процеске тартылған басқа да адамдардың құқықтарын сөзсіз сақтауды қамтамасыз етуге бағытталғаны атап өтілді.

Азаматтарды әкелу және ұстау заңдылығы, мәжбүрлеу шараларын қолдану, экономикалық қылмыстар бойынша материалдарды тіркеу, әрбір аумақтық ішкі істер органында ашық кабинеттер жасау, қашықтықтан жауап алу практикасын кеңейту негізділігі және т.б. мәселелер талқыланды.

Алқа шешімімен әрбір мәселе бойынша бірлескен іс-шаралардың кешенді жоспары бекітілді.

Облыс прокуроры жылдың қорытындысы бойынша алқа шешімдерінің орындалуына және жоспарлы іс-шаралардың нәтижелеріне талдау жасауды тапсырды.

Ақмола облысы прокуратурасының баспасөз қызметі

 

 

 

 

 

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.