You are here

Баспасөз хабарламасы

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Баспасөз хабарламасы - 174436234

«Отбасындағы зорлық-зомбылықсыз Қазақстан» Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жобасы шеңберінде облыс прокуратурасы, Әділет департаменті, «Шаңырақ» әлеуметтік-психологиялық және зерттеу отралығы» ОФ арасында өзара іс-қимыл және ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Өткен жылы Әділет департаментіне жұбайлар арасындағы ажырасу себептеріне және мән-жайына талдау жасау ұсынылды.

Талдаудың нәтижесі заңнаманы, азаматтардың құқықтары мен міндеттерін түсіндіру бойынша атқарылып жатқан жұмыстың ажырасудың азаю үрдісіне оң нәтиже бермейтінін көрсетті.

Облыс бойынша соңғы 5 жылда 28 709 неке қиылып, 12 672-сі (44%) бұзылған.

Оған сыртқы (әлеуметтік-экономикалық процестер), жене де ішкі (моральды-психологиялық) факторлар себеп.

Облыс бойынша кәмелетке толмағандармен жасалатын қылмыстар артты. Негізінен толық емес немесе сәтсіз отбасылардан.

Отбасылық құндылықтарды сақтап қалу, әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу және болдырмау мақсатында қалалық АХАЖ-да отбасылық өмірде әлеуметтік бейімделу және практикалық көмек көрсету үшін жас жұбайларға арналған арнайы курстар өткізілетін болады.

Меморандумға сәйкес, жас жұптар некені тіркегенге дейін міндетті түрде отбасылық терапияны өтулері  тиіс.

Некені тіркеу туралы өтініш келіп түскеніне қарай, курстар сейсенбі сайын өткізілетін болады.

Бүгін курстардың ашылуына 23 жұп шақырылды. Арнайы оқытылған психологтар оларға өзара сыйластық, ерлі-зайыптылар тактикасы, адамгершілік қылықтар қалыптастыру және т.б. кеңес берді.

Солардың арасында тренингтен біздің де қызметкеріміз Медет Кафизов өзінің болашақ жары облыс прокуратурасында бұрын қызмет еткен Гүлмира Бекмановамен өтті.

Неке тіркеу күнін «үш жетілік - 07.07.17» белгілеген Көкшетау қаласының 40 жұбы неке тіркеуге өтініш берген.

Облыс прокурорының орынбасары Қуаныш Әмірәлі  арнайы курстарды ашу мақсатында жас жұбайлар алдына сөз сөйлеп жас жұбайларды құттықтады.

 

 

Ақмола облысының прокуратурасы

 

          

Баспасөз хабарламасы - 158192052
Баспасөз хабарламасы - 591184761
Баспасөз хабарламасы - 693488369
Баспасөз хабарламасы - 109986004
Баспасөз хабарламасы - 491004747
Баспасөз хабарламасы - 148757722
Баспасөз хабарламасы - 1587260983
Баспасөз хабарламасы - 1466580435

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.