Атбасардағы ЖКО туралы іс облыс прокурорының бақылауында | Ақмола облысының прокуратурасы

You are here

Атбасардағы ЖКО туралы іс облыс прокурорының бақылауында

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Ақмола облысының прокуратурасы Атбасар қаласында азаматша В.Митрованованың өліміне әкеп соқтырған жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша қылмыстық істің материалдарын зерделеді.

Күдікті Д. жасаған қылмыс аса ауыр емес қылмыстар дәрежесіне жататындықтан және оның асырауында кәмелетке толмаған 5 баласының болуына байланысты босатылғаны анықталды.

Сонымен қатар, тергеу барысында азамат Д. оқиға орнынан жасырынып, зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсетпегені анықталды.

Оған қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 347-бабы («Жол-көлік оқиғасы орнын тастап кету») бойынша сотқа дейінгі тергеу қосымша тіркелді.

Одан басқа, тергеумен бұрын азамат Д.-ның адамның денсаулығына ауыр зиян келтірумен байланысты ұқсас қылмыс жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны, сондай-ақ жол қозғалысы ережесін бірнеше рет бұзғаны анықталды.

Осы жағдайларды және сипаттама беретін материалдарды ескере отырып а.ж. 12 сәуірінде Д.-ға қатысты «қамауға алу» бұлтартпау шарасы таңдалды.

Облыс прокуроры қылмыстық істердің тергеу барысын бақылауға алды.

Аудандық прокуратура мен ішкі істер органдарының әрекеттеріне жүргізіліп жатқан қызметтік тексерістің нәтижесі бойынша баға берілетін болады.

 

Ақмола облысы прокуратурасының баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.