Ақмола облысының прокуратурасында 2018 жылдың бірінші жартыжылдығында атқарылған жұмыстың қорытындысы шығарылды. | Ақмола облысының прокуратурасы

You are here

Ақмола облысының прокуратурасында 2018 жылдың бірінші жартыжылдығында атқарылған жұмыстың қорытындысы шығарылды.

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Ақмола облысының прокуратурасында  2018 жылдың бірінші жартыжылдығында атқарылған жұмыстың қорытындысы шығарылды.  - 1970245831

Бүгін облыс прокуратурасының алқа отырысы өтті, онда 2018 жылдың бірінші жартыжылдығында атқарылған жұмыстың қорытындысы талқыланды.

Алты айда прокурорлармен 36 мың облыс тұрғындарының құқықтары қорғалғаны аталып өтті.

3 мыңнан астам жұмысшыларға 61 млн. теңге сомаға облыстың 5 ірі кәсіпорындарында жалақы бойынша қарыздар өтелді.

Мысалға, прокуратура араласқаннан кейін ғана «Қазақалтын» ТМК АҚ 2017 жылға жалақы бойынша 44 млн. теңге берешек және ағымдағы жылға үстеме жұмыстарды төлеу есебіне 7 млн. теңге төленді.

Еңбек заңнамасы саласында барлығы 500-ден астам бұзушылық анықталды, оларды жою үшін 20 прокурорлық қадағалау актілері енгізілді, Ақмола облысының еңбек жөніндегі бас инспекторы тәртіптік жауапкершілікке тартылды, кәсіпорындарға 6,4 млн. теңге 56 айыппұл салынды.

Ықпал ету актілерімен мүмкіндігі шектеулі азаматтарға 1 млн. теңгеден астам негізсіз төленген салық қайтарылды. Осы факті бойынша салық органдарының 2 лауазымды тұлғасы тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Құны 40 млн. теңге 18 жер учаскілері және 14 млн. теңге ауыл шаруашылығы ысыраптары мен жалдау ақысы мемлекетке қайтарылды.

Шортанды ауданы жер қатынастары бөлімінің басшысына қатысты өкілетіктерін теріс пайдалану фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, ол ақтамау негіздері бойынша тоқтатылды.

Мемлекет кірісіне барлығы 200 млн. теңгеден астам өтелді.

Азаматтық істер бойынша қатысу барысында прокурорлармен 68 млн. теңгеге мемлекет мүдделері қорғалды.

Қылмыстық және қылмыстық процестік заңнамадағы жаңа институттарды енгізумен Ақмола облысында ұсталғандардың саны 27%-ға (288-ден 210-ға дейін) және қамаққа алынғандардың саны 35%-ға (258-ден 166-ға дейін) азайды.

Үйқамақ 33%-ға (11-ден 33-ке дейін), ешқайда кетпеу туралы қолхат 46%-ға (14-тен 26-ға дейін) артық қолданылды.

Прокуратураның Құқық қорғау қызметтері орталығында 1,5 мың азаматқа көмек көрсетілді. 

Цифрландыру бағдарламасы шеңберінде облыс орталығында Е-Қылмыстық іс жобасы іске асырылуда.

Жылдың басынан бастап 100-ден астам қылмыстық іс электрондық үлгіде тергелуде.

Ағымдағы жылы Е-қылмыстық іс жүйесін облыстың 4 ірі аумақтарында (Степногор қаласы, Бурабай, Целиноград және Атбасар аудандары) енгізу жоспарлануда.

Алқа жұмысының қорытындысы бойынша бірқатар тапсырмалар берілді.

 

Ақмола облысының прокуратурасы

 

 

 

 

 

 

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.