Ақмола облысында 50 мың гектар жайылым мемлекетке қайтарылды. | Ақмола облысының прокуратурасы

You are here

Ақмола облысында 50 мың гектар жайылым мемлекетке қайтарылды.

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Ақмола облысының прокуратурасымен ауыл шаруашылығына арналған жерлерді нысаналы пайдалануға талдау жүргізілді.

Ауданы 690 мыңнан астам гектар жайылым ауыл шаруашылығы жануарларының болмауынан немесе олардың саны жүктеменің шекті рұқсат етілетін нормасынан жиырма пайыздан кем болғандықтан пайдаланбайды. 

Еңбекшілдер ауданында мұндай жерлер 200 мың гектардан астам, Шортанды ауданында – 95 мың. Облыстың басқа аудандарында да ұқсас жағдай.

«Қазақстан Ғарыш Сапары ҰК» АҚ ғарыштық суреттері бойынша жайылымдарды егіске заңсыз пайдалану фактілері анықталды.

Ал бірқатар ауылдарда мал өрісі үшін жайылым жетіспейді.

Жағдай облыс прокуратурасында ведомствоаралық кеңесте талқыланды. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге жер учаскелерін пайдаланбаудың салдары түсіндірілді – әкімшілік жауапкершілікке тарту, 10 еселік салық есептеу, жосықсыз жер пайдаланушылардың тізіліміне енгізу және жерлерді мәжбүрлеп алып қою.

Жерлерді мақсатты пайдалануға мүмкіндіктің болмауына байланысты жер пайдаланушылар 50 мың гектар жайылымды мемлекетке ерікті түрде қайтарды.

Әкімдіктермен сол жерлерді қайта бөлу бойынша жұмыс жүргізілуде.

 

Ақмола облысының прокуратурасы

 

 

 

 

 

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.