Ақмола облысы прокуратурасының алқасында бас бостандығынан айыру орындарындағы медициналық қызметтің сапасы талқыланды | Ақмола облысының прокуратурасы

You are here

Ақмола облысы прокуратурасының алқасында бас бостандығынан айыру орындарындағы медициналық қызметтің сапасы талқыланды

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
 Ақмола облысы прокуратурасының алқасында бас бостандығынан айыру орындарындағы медициналық қызметтің сапасы талқыланды - 1864278306

 

Ақмола облысының прокуратурасында пенитенциарлық жүйе мекемелерінде көрсетілетін медициналық қызметтің сапасы мәселесі бойынша алқа отырысы өтті.

Жұмысқа облыс әкімінің орынбасары, қылмыстық- атқару жүйесі департаментінің, денсаулық сақтау Басқармасының және облыстың басқа да уәкілетті органдарының басшылары мен жауапты қызметкерлері қатысты.

Прокуратура жүргізген тексерістермен сотталғандарға медициналық қызмет көрсету саласында бір қатар кемшіліктердің анықталғаны аталып өтті. Бұл дәрі-дәрмек формулярын уақтылы бекітпеу, медициналық препараттарды тұтыну есебін, диагностика және емдеу хаттамаларын бұзу, медициналық жабдықтың жай тұруы және басқалар.

Мысалға, Заводской кентінің ЕЦ-166/18 және Степногор қаласының ЕЦ-166/11 мекемелерінде сотталғандарға емдеу тағайындау кезінде дәрілік препараттарды қабылдау еселігі және ұзақтығы бұзылған, ал Аршалы кентінің ЕЦ-166/5 мекемесінде жекелеген науқастар стационарда тиісті емдеу мерзімінен артық болған.

Көрсетілген бұзушылықтар мекемелердің басшылығы тарапынан жұмысты тиісінше ұйымдастырмаудың және ведомстволық бақылаудың жоқтығының нәтижесінде мүмкін болды.

Алқаның қорытындысы бойынша бірқатар нақты ұсыныстар әзірленді, соның ішінде штатты медициналық қызметкерлермен жабдықтау, олардың біліктілігін арттыру, дәрі-дәрмекті қолдануға және қажеттілігіне талдау жүргізу, оларды сатып алуды қамтамасыз ету, контингенттің арасында жыл сайынғы профилактикалық тексерулер мен скринингтерді ұйымдастыру, ауыр науқас сотталғандарды әкелуге жол бермеу туралы.

Уәкілетті органдардың мекенжайына қадағалау актілері енгізілді, олар қаралуда.

 

 

Ақмола облысы прокуратурасының баспасөз қызметі

 

 

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.