You are here

Сұрақ-жауап

  • Сұрақ №: 39455
    Дата: 27.01.2018 12:34:45
    Аты-жөні: Исмаилова Бакытгул
    Сұрақ:
    Салеметсиздерме? менің жолдасым Сакбаев Нурлан Рыспекович 09.10.1982 жылы туылған ол дәл қазіргі сәтте Атбасар қаласы, 166/4 түзету мекемесінде жазасын өтеп жатыр, 6 айы қалғанда мекеме бастығы Жанерке Молдакаримович пен Актанов Айбек Төлеубекович деген азаматтар оған белгісіз қағаздарға қол қойдырып, срок қосып бермекші! Недеген әділетсіз бұл заман! оған қоқан лоққы көрсеткен Айбек толеубекович пен Мурат Арманды жазаға тартуынызды сұраймыз! Жолдасымды осы 1 апта бұрын күнде ұрып соққан! алдыңғы жолы жолдасымнан ақша сұраған болатын! Қазір олар тиіспеу үшін изоляторда отыр. Арнайы облыстан барып тексеріңіздерші өтініш! оның денсаулығы нашар, қатты ауырып жатса да оны ұрып соққан, себебі қалған срогына УДО-ға заявление жазғаны үшін оған нарушениелер жазып тастаған! Өтініш тездетіп тексеріңіздерші !!!!
    Жауап күні:
    5 ақпан, 2018 - 08:59
    Жауап:
    Б.М. Исмаиловаға Алматы қаласы Құрметті Бақытгүл Мұсақызы! Сіздің Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының блогына жазған арызыңыз Көкшетау қаласының прокуратурасымен қарастырылды. Арызыңызда көрсетілген мән-жайлар аумақтығы бойынша Көкшетау қаласының құзыретіне жатпайтындығын хабарлаймыз. Осыған байланысты, Сізге Атбасар ауданының прокуратурасына өтініш білдіруіңізді сұраймыз. Қала прокуроры Е. Алмазұлы
  • Сұрақ №: 37359
    Дата: 20.11.2017 23:19:33
    Аты-жөні: Оспанова Зейнегуль
    Сұрақ:
    Мен Осапнова Зейнегуль Маратовна 07 қазан 2017 жылы дүниеге 25 жұмалық қыз баланы әкелдім. Қыздың жағдайы нашар болды. 9 күн өмір сүріп бақилық болды. Красный яр селолық гинеколог маманы менің анализимнен ауытқуларды көрседе маған айтпаған. Соны кесірінен балапанымнан айырылып қалдық. Менімен болған жағдай қайталанбау үшін Сіздерден өтініп сұрарым бұл істі қалай сот құзырына ма әлде сіздер қарайсыздар ма? Осы іс әділдігін тілеймін. Баласынан айырылған ананың жан айқайын қараусыз қалдырмайт деген ниеттемін.
    Жауап күні:
    4 желтоқсан, 2017 - 10:28
    Жауап:
    Сіздің жаңадан туған сәбидің өліміне әкеп соқтырған нашар медициналық қызмет көрсету сұрағыңыз бойынша өтініш қарастырылды. Қала прокуратурасына 2017 жылдың 28 қарашасында осыған ұқсас нашар медициналық қызмет көрсету бойынша өтініш түскені анықталды. «Жеке және заңды тұлғаларының өтініштерін қарау туралы» Қазақстан Республикасы Заңның 7-бабының 6-тармағына сәйкес Сіздің өтінішіңіз Ақмола облысының қоғамдық денсаулық сақтау департаментіне медициналық қызметкершілердің қызметіне тексеріс жүргізу үшін жолданды. Жүргізілген тексеріс қорытындысы туралы Сізге Ақмола облысының қоғамдық денсаулық сақтау департаментімен заңда бекітілген мерзімде хабарланады.
  • Сұрақ №: 34869
    Дата: 02.08.2017 22:34:01
    Аты-жөні: Нуркенова Жанат
    Сұрақ:
    Саламатсызба менин куйеуим Сейтжанов Жомарт Адилбекович 1991жылгы казирги кезде сотты болып жазасын Степногорск каласы ЕЦ166/11мекемесинде 3 жыл 6ай мерзиммен отеуде.Ол откен аптада жазасын женилдету мерзими уакыты келгенин ушин арыз жазып жиберген ол арыз мекемеден шыктыма билмим соган байланысты сиздерден маган кашан шыгатыны уакыты жылын тусиндирме ретинде жазып жиберсениздер сосын арыз караган жагдайда канша уакытта оны сотта арызын карайтыны жонинде де оны кашан сотка шакыртатыны бойынша улкен отиниш маган жазып жиберулеринизди отинип сураймын.1жаста улы бар али акесин кормеген.
    Жауап күні:
    4 тамыз, 2017 - 17:31
    Жауап:
    Құрметті Жанат Мейрамбекқызы! Степногорск қаласы сотына жолданған сотталушы Ж.А.Сейтжановтың отініш хаты бойынша Сіздің арызыңыз Степногорск каласы прокуратурасымен қаралды. 03.08.2017 жылы сотталған Ж.А.Сейтжановтың отініш хаты Степногорск қаласының сотына мәні бойынша қаралуы үшін жолданды деп хабарлаймыз (шығ. №30-20-42-13-252/361). Осы жауаппен келіспеген жағдайда, Сіз осы жауаптың көшірмесін қоса ұсынып жоғары тұрған прокурорға шағымдануға құқылысыз.
  • Сұрақ №: 33009
    Дата: 05.05.2017 10:09:08
    Аты-жөні: Бұхат Ақжол
    Сұрақ:
    Сәлеметсіздерме! Менің толық аты-жөнім Бұхат Ақжол Бәделханұлы Жақсы ауданы Подгорное орта мектебінде жұмыс істеймін. Сіздерге сіздерге қойайын деген сауалым менің номеріме жасырын (скрытий)номермен көп мазалайды. Осыған қандай көмек береаласыздар? жасырын номермен хабарласу барысында боқтық-балағат сөздерді айтып боқтайды. сіздерден маған қандай көмек болады?
    Жауап күні:
    16 мамыр, 2017 - 10:12
    Жауап:
    Құрметті Ақжол Бәделханұлы! Сіздің Бас прокуратураның блогына жазған арызыңыз Жақсы аудандық прокуратурасымен қаралды. Сіздің ұялы телефоныңызға жасырын номермен қоңырау соғып балағат сөздерді айтып мазалау жәйты бойынша түсіндіремін. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 131-бабына сәйкес қорлау, яғни телекоммуникациялар желілерін пайдалана отырып басқа адамның абыройы мен қадiр-қасиетiн әдепсiз түрде кемсiту бойынша қылмыстық жаупкершілік көзделген. Қазақстан Республикасының қылмыстық-процессуалдық кодексінің 32-бабының 2-бөлігіне сәйкес ҚР ҚК-нің 130-бабында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы iстер жекеше айыптау iстерi болып есептеледі. Осы істер бойынша іс жүргізу жәбiрленушiнiң шағымы бойынша ғана басталады. Сондықтан Сіз осы мәселе бойынша Жақсы аудандық сотына жеке айыптау шағымымен арыздануға құқылысыз. Сіз ұйялы телефоныңыздың байлыныс жүйесі мекемесіне аталған жасырын номерді анықтау үшін тиісті шағыммен жүгінуіңізге болады.
  • Сұрақ №: 30134
    Дата: 16.01.2017 09:31:15
    Аты-жөні: калиева Аякоз
    Сұрақ:
    Сәлеметсіз бе? Мұратбек Құсайынұлы Ерейментау ауданы,Бозтал ауылының бірінші сынып оқушыларының ата-аналары кітап, даптерді өздері сатып алып жатыр.Осы әрекет қаншалықты заңды? Ата-ана міндетті ме кітап алуға? Кітаптың,дәптердің жеткілікті болуына кім жауапты? РАХМЕТ!
    Жауап күні:
    18 қаңтар, 2017 - 08:48
    Жауап:
    А.А.Қалиеваға Құрметті блог пайдаланушы – Аягөз Амангелдіқызы Қалиева! Блогқа сұрақты орналастырған кезде Сізбен Пайдаланушылық келісімнің шарттары сақталмаған. Қазақстан Республикасының прокуратура органдарына қылмыстық, азаматтық немесе әкімшілік істерге қатысты, сондай-ақ тексеріс жүргізу, прокурорлық ықпал ету шараларын қабылдау, заңнама нормаларына түсiндiрме беру туралы өтініштер: - қолма қол; -пошта байланысы арқылы; -www.115.kz электронды порталға беріледі. www.115.kz электронды порталға өтініш жіберу үшін электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) болу қажет, оны Халыққа қызмет көрсету орталығында (ХҚКО) алуға болады. Сіздің мәселеңізге қатысты, Сізге Ерейментау ауданының білім бөліміне жүгіну қажет. Ақмола облысының прокуратурасы

Беттер

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.